17:48, 08 Қараша 2011 | GMT +5
Қазақстанда ЖОО оқу бағдарламаларының мазмұны жаңартылады
АСТАНА. 8 қараша. ҚазАқпарат - 2011-2020 жылдарға арналған Қазақстанның білім беруді дамыту бағдарламасы аясында жоғары білім беру және жоғары білім беруден кейінгі білім беру құрылымын және мазмұнын қайта қарау бойынша жұмыс басталды деп хабарлайды ҚР Білім және ғылым министрлігі Pm.kz сайты үшін.
Ең алдымен, білім беру бағдарламаларында ЖОО академиялық бостандығы кеңейеді, ал жоғары білім берудің мазмұнын жаңғырту жұмыс берушілердің сұранысы бойынша жүзеге асырылады.
Сондай-ақ, білім беру бағдарламаларына түзету енгізу қарастырылады. Атап айтқанда, техникалық және педагогикалық мамандықтарда несие көлемі ұлғайтылды және бағдарлама мазмұны жаңартылды.