Қазақстанда «Жұртшылықпен байланыс» мамандығы қайта қалпына келтірілді

АЛМАТЫ. Мамырдың 19-ы. ҚазАқпарат /Ербол Азанбек/ - Елімізде жұртшылықпен байланыс мамандары қайта даярлана бастайды.
None
None
Бұл ҚР Индустрия және сауда министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитетінің 20 наурыздағы бұйрығына сәйкес бекітілген Мемлекеттік мамандықтар классификаторына енгізіліп отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Осыдан 3 жыл бұрын елімізде «Жұртшылықпен байланыс» мамандығы мамандықтар классификаторынан алынып тасталған болатын. Мамандық Ұлттық жұртшылықпен байланыс қауымдастығы мен Қазақстандық PR клубының бастамасымен қалпына келтірілген. Қайта қалпына келтірілуіне байланысты бакалавриат, магистратура, докторантура бойынша мамандар дайындалмақ. «Соңғы уақытта сапалы дайындалған жұртшылықпен байланыс мамандарына сұраныс артып келеді.Сондықтан оның қайта қалпына келтірілуі өте орынды», дейді Ұлттық жұртшылықпен байланыс қауымдастығының мүшесі Әсел Қарауылова.
Соңғы жаңалықтар