Қазақстанның қай өңірінде зейнеткер көп тұрады

АСТАНА. KAZINFORM — «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы қазақстандық зейнеткерлер ең көп тұратын өңірлердің топ-10 тізімін жариялады. 

зейнеткер
Фото: gov.kz

Зейнеткерлердің саны жағынан Алматы көш бастап тұрғаны белгілі болды.

Корпорацияның мәліметінше, қазіргі таңда Қазақстанда шамамен 2,5 миллион зейнеткер бар.

Бірінші орында–Алматы қаласы. Мұнда 260 364 зейнеткер бар.

Екінші орында–Түркістан облысы, онда 206 065 зейнеткер тіркелген.

Үшінші орында–Қарағанды облысы, бұл өңірде 186 093 адам зейнеткерлік жаста.

Көшбасшы ондыққа сондай-ақ келесі өңірлер кіреді:

  • Алматы облысы — 173 706
  • Астана қаласы — 153 911
  • Жамбыл облысы — 143 378
  • Қостанай облысы — 142 276
  • Шығыс Қазақстан облысы -141 676
  • Павлодар облысы — 125 474
  • Ақмола облысы — 118 905

Айта кетейік, бұған дейін зейнеткерлер мүмкіндігі шектеулі жұбайларына жеке көмекші бола алатынын жаздық.

Соңғы жаңалықтар