Қазақстандағы қонақ үйлер мен орналастыру орындары 300 млрд теңгеге қызмет көрсетті

2024 жылы Қазақстандағы қонақ үйлер, демалыс базалары, хостелдер мен өзге де орналастыру орындары 299,8 млрд теңгеге қызмет көрсетті. Бұл туралы Туризм индустриясы комитеті мәлімдеді.

қонақ үй
Фото: Мақсат Шағырбаев/Kazinform

Бұл — 2023 жылмен салыстырғанда 31%-ға көп. 2023 жылы саладағы қызмет көлемі 229 млрд теңгені құраған еді.

- Орналастыру орындарының саны жыл ішінде 311-ге артып, жалпы саны 4 303 нысанға жетті.

Ал біржолғы сыйымдылығы 18 мың төсек-орынға ұлғайып, 226 мыңнан асты. Бұл көрсеткіштер елімізде туризм инфрақұрылымының даму қарқыны жоғары екенін және орналастыру орындарына сұраныстың артқанын айғақтайды, - делінген ақпаратта.

Қызмет көлемі бойынша көш бастаған өңірлер:

  • Алматы қаласы — 96,3 млрд теңге
  • Астана қаласы — 65,7 млрд теңге
  • Ақмола облысы — 27,7 млрд теңге
  • Маңғыстау облысы — 18,5 млрд теңге
  • Шымкент қаласы — 11,3 млрд теңге.

Айта кетейік, Қазақстанда туризм мамандығын оқыту форматы өзгерді.

Соңғы жаңалықтар