Қазақстандағы саяси реформалар уақыт талабына сай – Қырғыз сарапшысы

АСТАНА. KAZINFORM – Қырғызстан сарапшысы Қызылордада өткен V Ұлттық құрылтай Қазақстандағы саяси өзгерістердің жаңа белесіне жол ашқанын айтады.

Из личного архива Игоря Шестакова - политолог
Фото: Игорь Шестаковтың жеке архивінен

«Ой Ордо» сараптамалық бастамалар орталығының директоры Игорь Шестаков Қазақстанда жүргізіліп жатқан реформалар уақыт талабына сай екенін, Орталық Азия мен посткеңестік елдерге маңызды болатын жаңа саяси модельдерді қалыптастыруға жол ашатынын айтады.

- Вице-президент лауазымын қайтару Қазақстандағы уақтылы қадам болып отыр. Өйткені билік өкілеттіктерін қайта бөлу арқылы парламенттік-президенттік мемлекеттің негізі қаланып жатыр. Процесс ең алдымен қоғамдық-саяси және әлеуметтік тұрақтылыққа бағытталған, - деп атап өтті саясаттанушы.

Сарапшы Қазақстан халқы Ассамблеясының тәжірибесін Халық кеңесінің алаңына беру де заңдылық екенін айтады.

- Қазір уақыт нақты ұйымдарды талап етеді, олар бүгіннің шындығына негізделіп, мемлекеттік басқару жүйесінде халық өкілдерінің болуын қамтамасыз етеді, - дейді ол.

Игорь Шестаковтың айтуынша, Қазақстандағы Парламент реформасы күтілген оқиға еді.

- Қырғызстан жылдар бойы бір палаталы парламент жүйесімен жүрді. Бұл жүйе депутаттарды сайлаушыларға жақындата түседі. Қазақстан жүзеге асырып жатқан реформалар болашақта Орталық Азияның басқа елдері үшін үлгі бола алады, - дейді саясаттанушы.

Сарапшы Орталық Азия әлемде болып жатқан геосаяси тұрақсыздық аясында тұрақтылық көрсетіп отырғанын ерекше атады.

- Әрине, Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың қабылдаған қадамдары Қазақстандағы қоғамдық-саяси тұрақтылықты нығайтады және жалпы өңірдегі процестерге оң әсер етеді, - деп түйіндеді ол.

Бұған дейін Парламенттегі партиялар бір палаталы жүйеге көшу мәселесін қолдау білдіргенін жазған едік.

 

Соңғы жаңалықтар
Референдум