Қазақстандағы суперкомпьютерге қосымша қуатты чиптер жеткізіледі

АСТАНА. KAZINFORM – Алдағы 4 айда елімізге суперкомпьютерді құруға қажет Nvidia-ның H200 чиптері жеткізілуі мүмкін. Бұл туралы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі бірінші вице-министрі Қаныш Төлеушин мәлім етті.

Суперкомпьютер
Фото: freepik.com

- Бұған дейін елімізге Nvidia-ның алғашқы чиптері жеткізілгенін айтқан едік. Бұл чиптер соншалықты қуатты емес. Енді таяуда H200 құрылғыларын, яғни соңғы буынды чиптерді алып келуді жоспарлап отырмыз. Атап айтқанда, алдағы 3-4 айда Қазақстан аумағына жеткізіп, орнатылады. Жалпы, 64 кластер қамтылатынын ескерсек, айтарлықтай көп чип деректерді өңдеу ортылығымыздың базасында орнатылады. Бұл ретте, қауіпсіздіктің барлық талабы ескеріледі, - деді Қ.Төлеушин елордада Парламент Мәжілісі жанындағы Қоғамдық палатаның көшпелі отырысында тілшілер сұрағына жауап бере отырып.

Осы орайда АҚШ-тағы жауапты органдар елден осы чиптерді Қазақстанға экспорттауға рұқсатын берген.

Оның сөзіне қарағанда, аталған чиптерге жұмсалған қаражат тез арада өзін ақтайды. Себебі, қазірдің өзінде суперкомпьютердің қуатын жалға алуға тиісті ұйымдар тапсырыс беріп жатыр.

Еске салсақ, аталған заң жобасы биыл наурыз айында Мәжілісте таныстырылған еді.

Заң жобасы жасанды интеллект технологияларын (жүйелерін) пайдаланудың бірыңғай құқықтық базасын белгілеуге бағытталған.

Бұған дейін Қазақстан қуаты күшті суперкомпьютер құруға кіріскенін жазған едік.

Былтыр күзде министрлік суперкомпьютер үшін жабдыққа Америка Құрама Штаттарына алдын ала тапсырыс бергенін мәлімдеді

Дегенмен, Қазақстанға жабдықты жеткізу мерзімі АҚШ үкіметінің Қазақстан Республикасына чиптерді экспорттау туралы қорытындысын шығаруына байланысты. Америкалық тарап экспорт лицензиясын алу процесі ұзаққа созылатынын хабарлады.

Биыл сәуір айының басында Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мәдиев Қазақстанға қуаты күшті суперкомпьютер құруға қажет жабдықтар таяу арада жеткізілетінін айтты. 

Суперкомпьютерге қажет Nvidia-ның алғашқы чиптері Қазақстанға жеткізілді.

Соңғы жаңалықтар