Еліміздегі жасанды интеллект жөніндегі жаңа министрлікті кім басқаруы мүмкін

АСТАНА. KAZINFORM — Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің бірінші вице-министрі Қаныш Төлеушин «жасанды интеллект жөніндегі жаңа министрлікті кім басқаруы мүмкін?» деген сұраққа жауап берді. 

Қазақстандағы жасанды интеллект жөніндегі жаңа министрлікті кім басқаруы мүмкін
Фото: pixabay.com

— Бізде бір ғана Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі бар. Оның негізінде жаңасы құрылады. Сондықтан мұнда екі министр болмайды. Жаңартылған Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің бір ғана министрі болады. Ал енді оны нақты кім басқаратыны жайында айту — менің құзыретім емес, — деді Қаныш Төлеушин Сенаттың жалпы отырысынан кейін тілшілер сұрағына жауап бере отырып.

Айта кетелік Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметке экономиканың барлық саласын жаңғырту үшін жаппай жасанды интеллектіні енгізу қажеттігін тапсырды. 

Президент қазіргі құзырлы министрліктің негізінде жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігін құру қажет екенін айтқан

Еске салсақ, биылғы Жолдауда Мемлекет басшысы қазіргі құзырлы министрліктің негізінде Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігін құру қажет екенін айтты. Жаңа министрлікті Премьер-министрдің орынбасары деңгейіндегі маман басқаруы керек

Соңғы жаңалықтар