Қазақстандағы ақпараттық-комуникациялық саланы дамыту «Интеллектуалды ұлт-2020» жобасының маңызды құрамдауышы -Елбасы

МИНСК. Қарашаның 27-сі. ҚазАқпарат /Ернұр Ақанбай/ - Қазақстандағы ақпараттық-комуникациялық саланы дамыту біздің «Интеллектуалды ұлт-2020» ұлттық жобамыздың маңызды құрамдауышы болып табылады. Беларус Республикасына ресми сапары аясында кеше Минскіде  «ТМД кеңістігін біріктірейік» атты ақпараттық-коммуникациялық технологиялар жөніндегі халықаралық саммитте сөйлеген сөзінде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев осылай мәлімдеді,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Елбасының айтуынша, білім беру - осы стратегия аясындағы бірінші басымдық болып табылады. Ол білім алуға деген сұранысты арттыруға ықпал ететін және озық ақпараттық технологияларды белсенді қолдануға негізделген білім беру жүйесін құруға бағытталған. «Бұл бағытта біз барлық мектептерімізді интернетке қостық және халықты компьютерлік сауаттылыққа оқытуда кең ауқымды жұмыс жүргіздік. Бес жылдан аз уақыттың ішінде Қазақстанда интернеттті пайдаланушылардың саны 2 пайыздан 30 пайызға дейін ұлғайды», деді Н. Назарбаев.

Мемлекет басшысы ақпараттық технологиялардың көмегімен оқытудың заманауи әдістемелері, білім беретін порталдар әзірленіп, пайдаланылып, интерактивті сабақтар өткізіліп, қашықтан оқыту енгізіліп жатқанын айтты. «Білімге осындай технологияларды енгізу бүгінде републикамыздың барлық өңірлерінде құрылған және құрылып жатқан интеллектуалды мектептер желісін қалыптастыруды қамтамасыз етеді», деді Президент.

Н. Назарбаев келесі жылы шілденің 1-інде  Астанада ашылуы жоспарланып отырған халықаралық университет әлемдік деңгейдегі инженерлік және техникалық кадрларды, соның ішінде Ай-Ти саладағы мамандарды дайындайтынын атап өтті. «Биыл американың «Карнеги Мелон» атты жетекші университетімен тығыз ынтымақтастықта Халықаралық ақпараттық технологиялар университеті ашылды. Ол ақпараттық технологиялар саласындағы үздік мамандарды дайындайды. Біз 2020 жылға қарай Қазақстанда интеллектуалды буынның және инженерлік элитаның тұтастай  шоғыры қалыптасады деп күтіп отырмыз», - деді Н. Назарбаев.

  

Соңғы жаңалықтар