21:49, 18 Қазан 2015 | GMT +5
Қазақстандағы алғашқы ультрадыбыстық аппарат Қарағандыдағы кеңес беру диагностикалық орталығында іске қосылды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанда алғаш рет пайда болған ультрадыбыстық аппарат адам ағзасына кешенді зерттеу жүргізіп, қатерлі ісік және созылмалы ауру түрлерін ерте сатыдан анықтауға мүмкіндік береді, деп жазады khabar.kz.

Құны 50 млн теңгелік бұл жабдық Қарағанды медициналық университеті жанынан ашылған диагностикалық орталықта жұмыс істеп тұр. Мекеменің ашылғанына 1 жыл толмаса да бүгінде 10 мыңнан астам адам қабылдап үлгерді. Орталықты заман талабына сай жабдықтау үшін жалпы 300 млн теңге қаражат бөлінген.
«Бұл құрылғы түрлі патологияларды анықтайды. Басты назарды қазір қатерлі ісік ауруларына бөліп отырмыз. Қатерлі ісік патологияларын тез анықтау мүмкіндігі пайда болды. Ерте сатыда жасалған диагностика аурудың бетін ерте қайтару мүмкіндігін береді», - дейді ҚММУ проректоры Бақыт Көшерова.