Қазақстандағы алтын өндірісі қаңтар айында 8,7 пайызға артты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанда 2018 жылғы қаңтар айында өңделмеген және жартылай өңделген немесе ұнтақ түріндегі алтын өндірісі 5978 келіге жетті. Бұл 2017 жылмен салыстырғанда 8,7%-ға көп, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА.

Қазақстандағы алтын өндірісі қаңтар айында 8,7 пайызға артты

ҚР Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің ақпаратына сүйенсек, есепті кезеңде өңделмеген және жартылай өңделген немесе ұнтақ түріндегі күміс өндіру көлемі былтырғыға қарағанда 12,2%-ға қысқарып, 59 644 келіні құрады. 

Еске сала кетейік, 2017 жылы Қазақстанда өңделмеген алтын өндірісі 85 029 келіні құрады. Бұл 2016 жылмен салыстырғанда 13,8 пайызға көп. Сонымен қатар өңделмеген күміс көлемі  1 058 605 келіні құрады. Бұл бір жыл бұрынғы көрсеткіштен 10,8 пайызға кем.