«Қазақстандағы» «Алтын ұя» 25 ақпаннан басталады

АСТАНА. ҚазАқпарат - 25 ақпаннан бастап, «Қазақстан» арнасында «Алтын ұя» атты жаңа телехикая көрерменге жол тартпақ, деп хабарлады Ұлттық арнаның баспасөз қызметінен.
None
None

Сюжеттің басты мақсаты - бір ауылда бейбітшілік пен келісімде тұратын түрлі ұлт өкілдерінің күнделікті өмір тіршілігін көрсету. Сериалда Тәуелсіз Қазақстанның қалыптасу кезеңдерінен бүгінгі күнге дейінгі көріністер көрсетілген.

Кинотуындының бас қаһармандары - Қаратаевтар отбасы. Осы отбасының айналасында түрлі ұлт өкілдері бірігеді.

Отағасы Тұрғамбайдың рөлін танымал актер Нұржұман Ықтымбаев Байжұманұлы, ал оның әйелін актриса Райхан Айтқожанова сомдайды.

Олар өз өмірлерін түгелдей темір жол саласына арнаған жандар.

Кинокартинада маңызды рөлдің бірін дәрігер Юрий Цой ойнайды. Сондай-ақ, ауылдастарын жарықтың жоқтығынан сақтап қалған және әлемдегі барлық оқиғалардан хабардар болу үшін «кеңестік» кезең құлаған кезде электрогенератор ойлап тапқан өнертапқыш Андрей Гибнер тұлғасында инновацияға да орын беріледі. Алғыр кәсіпкер Ысмайылдың арқасында ауылда сауда-саттық өркендейді. Жас Қазақстанның қалыптасуына өз үлесін Валентина Федоровна да қосады, кейіннен ол Қазақстан Халқы Ассамблеясының мүшесі болады.

Сериалда махаббат пен түңілу, жақсылық пен зұлымдық қатар жүреді. Алайда хикая қаһармандары ынтымақ пен бірліктің арқасында, қоғам мен мемлекетке пайда тигізу мақсатымен барлық қиындықтарға төтеп беріп, алға қойған асқақ армандарына қол жеткізеді.

Туындының қоюшы режиссері - Ержан Рүстембеков, қоюшы оператор - Николай Работягов, қоюшы суретші - Марат Иманберген, продюсері - Құралай Анарбекова. Сонымен қоса сериал актерлерінің жұлдызды құрамасын да айта кеткен жөн - Бақыт Исабекова, Бауыржан Сұрапбаев, Бейбарыс Өтеуіл, Татьяна Заводовская, Александр Лукашевич, Анна Старченко, Сержан Аманкулов, Алексей Примачок, Дмитрий Югай, Александр Лаврова, Лазиз Исаметов.

«Алтын ұя» көпсериялы көркем фильмін 25 ақпаннан бастап, дүйсенбі мен бейсенбі аралығында сағат 21:05-те көрсетіледі.
null
null
null

Соңғы жаңалықтар