Қазақстандағы бидай қоры жаңа егінге дейін жеткілікті

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев бидай бағасы мен ұн қоры жөнінде пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

Ауыл шаруашылығы министрі Қазақстанның 15 сәуір мен 15 маусым аралығында бидай мен ұн экспортына квота енгізу туралы шешім қабылдағанын еске салды. Бидай квотасының көлемі 1 млн тонна, ұн шығаруға – 300 мың тонна белгіленген.

«Қазір бізде өндірушілер де, бидай өңдеушілер де балансқа келді. Сондықтан нарық тұрақты, жұмыс істеп жатырмыз. Біздің қорымыз жаңа егінге дейін жеткілікті», - деді Ербол Қарашөкеев Үкіметте өткен брифингте.

Сонымен бірге Е. Қарашөкеев бидайдың әлемдік бағасының өсуіне байланысты ұн тапшылығы бола ма деген сұраққа жауап берді.

«Ұн тапшылығы жоқ және болмайды», - деді министр.

Бұған дейін Ербол Қарашөкеев Қазақстанда нан бағасы тұрақты болатынын, оның қымбаттауына еш себеп жоғын айтқан еді.


Соңғы жаңалықтар