Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Қазақстандағы бірінші жартыжылдықтағы жалпы ішкі өнімнің өсуі 8,0 пайыз деңгейінде бағаланды

енің 27-сі. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - Жалпы ішкі өнімнің өсуі 8,0 пайыз деңгейінде бағаланып отыр. Бұл туралы бүгін жартыжылдықтың қорытындысына арналған Үкімет отырысында Экономикалық даму және сауда министрі Жанар Айтжанова мәлім етті.

Қазақстандағы бірінші жартыжылдықтағы жалпы ішкі өнімнің өсуі 8,0 пайыз деңгейінде бағаланды

«Үсітіміздегі бірінші жартыжылдықтың қорытындылары Қазақстан экономикасының және әлеуметтік дамудың өсу траекториясына шыққанын айтуға мүмкіндік береді. Есепті кезеңде жалпы ішкі өнімнің өсуі 8 пайыз деңгейінде бағаланып отыр. Бұл бағалау көрсеткіші қысқа мерзімді экономикалық индикатордың өзгеру динамикасы негізінде жүргізілді»,- деді министр.

Оның сөзіне қарағанда, бұл индекатор экономиканың басты алты саласындағы, яғни өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, көлік, сауда, байланыс және құрылыс салаларындағы нақты өсу қарқынынан есептелді. Бірінші жартыжылдықта бұл индикатор 8,8 пайызға өсті.

«Өсімге былтырғы жылғы экономикалық көрсеткіштердің төменгі деңгейде болғаны да себеп болып отыр. Өткен жылдың бірінші тоқсанында жалпы ішкі өнім 2,4 пайызға, ал қысқа мерзімді экономикалық индикатор 4,1 пайызға төмендеген болатын», - деп атап өтті Ж.Айтжанова.

Сөз соңында ол экономиканың қалпына келуіне Үкімет қабылдаған дағдарысты еңсеру бағдарламасы аясындағы және дағдарыстан кейінгі даму базасын құруға бағытталған шаралар айтарлықтай үлес қосқанын ескеріп өтті.