Қазақстандағы ең сымбатты боксшы - Шарипованың соңғы жекпе-жегінің видеосы жарияланды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Оқырман назарына кеше жеңіске жеткен жерлесіміз, кәсіпқой рингте атой салып жүрген ару Фируза Шарипова мен ресейлік Юлия Чернобородованың кездесуінің видеосын ұсынамыз.
Таяу Мәскеутүбінде (Ближный Подмосковье) "Балашиха" аренасында өткен бокс кешінде рингке шыққан қос былғары қолғап шебері толық 6 раунд бойы айқасты. Кездесу қорытындысы бойынша төрешілер бірауыздан жеңісті Шариповаға берді.
Айта кетейік, бұл қазақстандық боксшының спорттық мансабындағы үшінші жеңісі екендігін хабарлаған болатынбыз. Сондай-ақ, оның бұған дейін 1 жеңілісі бар.