Қазақстандағы ең жас ана - он үште

"Дөңгелек үстел 11 қазан - халықаралық қыз балалар күніне орай ұйымдастырылып отыр десек те болады. Əрине, елімізде өзге де əлеуметтік-экономикалық мəселелер жетерлік. Бірақ, бүгінде қыз балалардың тəрбиесі мен денсаулығына, олардың құқықтарын қорғауға қатысты алаңдатып жүрген мəселелерді ашып айтқым келеді", - деген ол Қазақстан бойынша кəмелет жасына толмаған екі миллионға жуық қыз бала өмір сүретінін атап өтті. "Сараптай келе, жасөспірім қыздардың арасындағы ең көп кездесетін жəне ең ауыр мəселе - ерте жəне мəжбүрлі неке екенін анықтадық. Қазақстан бойынша жылына үш мыңнан астам қыз бала кəмелет жасына толмай тұрмыс құрады. 2015 жылдың 1 шілдесіндегі дерекке сүйенсек, еліміз бойынша 15-18 жас аралығында 2420 қыз баланың жүкті екені анықталған. Қазақстандағы ең жас ана - он үш жаста", - деді ол.