Қазақстандағы халық саны 17 миллион 98 мың адамды құрады - Ә. Смайылов

АСТАНА. 14 қараша. ҚазАқпарат - Биылғы 1 қазандағы жағдай бойынша Қазақстандағы халық саны 17 миллион 98 мың адамды құрады. Бұл туралы бүгін Астанада өткен баспасөз мәслихатында ҚР Статистика агенттігінің басшысы Әлихан Смайылов мәлім етті.
None
None
Оның сөзіне қарағанда, қаңтар-қыркүйекте халық саны 188 мың адамға немесе 1,1 пайызға өсті. Жалпы өткен тоғыз айдың ішінде АХАТ органдарында 293 мың туылғандар тіркелді. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстарғанда 1,6 пайызға артық. Бұдан бөлек, қайтыс болғандар саны 103 мың адамды құрады немесе былтырғы тиісті кезеңге қарағанда 4 пайызға кем. «2013 жылғы қаңтар-қыркүйекте АХАТ органдарында тіркелген неке саны 2,1 пайызға артты, яғни 125 мың неке қиылды. Ал ажырасулар саны 38 мыңды құрады және 6 пайызға өсті»,-деді агенттік басшысы.
Соңғы жаңалықтар