Қазақстандағы инфляциялық таргеттеу өнеркәсіптің дамуына зор серпін береді - Ш.Хахазов

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандағы теңге бағамының еркін айналымға жіберілуі қоғамда саналуан пікірдің ортасында қалғаны белгілі. Осы ретте «ҚазАқпарат» тілшісіне сұхбат берген «Дүнген этномәдени орталықтары қауымдастығы» ҚБ басқармасының мүшесі, Астана қалалық мәслихатының дептутаты Шәкір Хахазов өз ойымен бөліскен болатын.
None
None

- Біздің Үкіметіміз қабылдаған, барынша танымал болмаса да, инфляциялық таргеттеу сынды валюталық бағамға қатысты шараның дер уақытында әрі дұрыс шешім болғанын бірден атап өткім келеді. Бұл біздің экономикамызды көтеру және байыпты бюджет шығындарынан жалтару мақсатында теңге бағамын ұстап тұру үшін жасалғаны белгілі. Есте болса, өткен жылдың желтоқсан айында Қазақстан Президенті Ұлттық банк алдына біздің экономикамызды долларсыздандыру және инфляциялық таргеттеуге көшу бойынша басты міндеттерді жүктеген болатын. Бұл мемлекеттік органдар елдегі инфляция деңгейін бақылауы үшін қабылданған кешенді шаралар еді. «Экономиканы долларсыздандыру және инфляциялық таргеттеуге көшу «Нұрлы жол» Жаңа экономикалық саясатының негізгі құрамы болуы тиіс» деген еді Н.Назарбаев Тәуелсіздік күніне арналған салтанатты шара барысында.

Инфляциялық таргеттеу алғаш рет осыдан 25 жыл бұрын Жаңа Зеландияда қабылданған болатын. Қазіргі уақытта әлемнің Ұлыбритания, Австралия, Венгрия, Канада, Жаңа Зеландия, ОАР, Оңтүстік Корея, Чехия сынды дамыған және дамушы елдері пайдаланады. АҚШ пен Жапонияда инфляциялық таргеттеу деген жоқ. Дегенмен, инфляция бойынша формальді жария етілген мақсаттары бар. Ал монетарлық саясаттың басты құралы ретінде пайыздық ставка да пайдаланылады. Әдетте инфляциялық таргеттеуден экспортта шикізаттық бағыты басым дамушы елдер қорқады. Олардың төлем балансының жағдайы негізінен шикізат нарығындағы тұрақсыз конъюктураға тәуелді болып келеді. Ел экспорттан валюта алады және биржалық бағамға тәуелді. Тамақ және өңдеу өндірісінің экспорттаушылары сыртқы нарықта бәсекеге қабілетсіз және ішкі нарықта тиімсіз жағдайға тап болуы мүмкін. Бүгінде ресейлік азық-түлік өндірушілері тиімді жағдайға тап болып, көптеген қазақстандық кәсіпорындардың тағдыры қауіп астында қалды.

- Инфляциялық таргеттеу біздің өндірісіміз бен халыққа нақты не береді?

- Бұл қазақстандық өндірістің, шағын және орта бизнестің дамуы үшін, біздің тауарларымыздағы «қазақстандық қамтудың» дамуы үшін, долларға тәуелділіктен арылу үшін зор серпін берері сөзсіз. Өйткені, егер ел шетелдік валютаға тәуелді болса, онда толығымен тәуелсіз деуге бола ма?! Адамдар да негізінен доллардың қажеті жоқ екенін, жинаған қаржыңды ұлттық валютада сақтау қажеттігін түсінетін болады. Біз тауарларымызды көптеп экспортқа шығаратын, өзіміздің брендтік костюмдерімізді, жейделерімізді, автомобиль бөлшектерін жасайтын боламыз. Қазіргі Қытай монетарлық саясаттың жаңа режімі есебінен өз экономикасын көтерді. Ресей шамамен бір жыл бұрын инфляциялық таргеттеуге көшті және бүгінде ол өзінің алғашқы нәтижелерін бере бастады. Иә, бұл ерекше жайт, қиын әрі әдеттен тыс. Бірақ, тағы да қайталап айтамын, бұл - қажетті шара.

- Бүгінде қанша ел инфляцияны таргеттеп отыр?

- Менің білуімше, Халықаралық валюта қорының мәліметтеріне сәйкес, мұндай елдердің қатары жыл сайын өсіп келеді және бүгінгі күні елуден асып отыр. Инфляцияны таргеттеу саясатын жүзеге асыру аясында бағам қалыптастыру процесінен толығымен бас тарту қаржылық жүйесі мен экономикасы барынша дамыған Австралия, Канада, Израиль, Жапония, Норвегия және Ұлыбритания сынды елдерде ғана мүмкін болып отыр.

- Шәкір Хұсайынұлы, Сіз құрылыс компаниясына басшылық жасайсыз, Қазақстандағы «Дүнгендердің этномәдени орталықтары қауымдастығы» басқармасына кіресіз. Тәуелсіздікті, ұлттық бірлікті нығайтуға, мәденитаралық сұхбаттастықты дамытуға сіңірген зор еңбегіңіз үшін Қазақстан халқы ассамблеясының «Бірлік» медалімен марапатталғансыз. Қызметіңіздің осы жағын айтып берсеңіз.

- Қазақстанда өзіңнің этномәдени мүддеңді жүзеге асыруға барлық құқық беріліп, өз ойыңды білдіруге барлық жағдай жасалған. Біздің республикамыздың халқы этникалық және діни құрамы бойынша сан аулан, елімізде 140 этностың және 17 конфецияның өкілдері тұрып жатыр. Біздің еліміздің басты байлығы бейбітшілік пен тұрақтылық. Бұл экономикалық міндеттерді тиімді шешу үшін негізгі шарт. Әрбір қазақстандық үшін, оның ішінде дүнген этносының өкілдері үшін Қазақстан халқы Ассамблеясы азаматтық қоғамның дәстүрлі институтына айналып, қуатты әлеуеттік күш болып отыр. ҚХА мүшелері Парламентте, саяси партияларда, бұқаралық ақпарат құралдарында, мемлекеттік және үкіметтік емес ұйымдарда өз ұстанымын қорғауға мүмкіншілігі бар.

Бүгінде Ассамблея елдің саяси жүйесінің маңызды элементі бола отырып, азаматтардың құқықтары мен бостандығының мүлтіксіз сақталуын қамтамасыз етуде. Дүнген этносының өкілдері Ұлт көшбасшысы белгілеген жоспарларды жүзеге асыруға өздерінің үлестерін қосуда. Біз біртұтас Қазақстан халқымыз.

Дүнгендер жиі қоныстанған Алматы, Жамбыл облыстарында, Астана мен Алматы қалаларында қазақ тілімен қатар дүнген тілінің де дамуына баса назар аударылып отыр. Еліміздің кез келген азаматына зор мүмкіндік беріліп отырғандығын өзімді үлгіге ала отырып та айтуға болады. Мен басшылық жасайтын құрылыс компаниясы Астанада көпірлер мен көлік айырымдарын, тазалау құрылғыларын, бірегей жер асты жаяу жүргінші жолдарын тез әрі сапалы салуда.

Меніңше, елдегі баға өсімі қарқынына бақылауды арттыра отырып, инфляциялық таргеттеуге көшу ашық әрі бәсекеге қабілетті экономика құру жолындағы маңызды қадам болмақ.

Уақыт өте келе адамдар бұл қадамның қажеттілігін түсінетін болады және инфляциялық таргеттеуге көшу ұзақмердімді инфляциялық болжалдың төмендеуіне әкеліп, кредиттік ставканың төмендеуіне жол ашады. Ал бұл өз кезеінде инвестициялық сұраныс пайдасына жинақтар нормасының төмендеуіне әкеледі, елдің ЖІӨ өсімі қарқынын арттыр үшін қажетті мультипликациялық тиімдік құрады. Нәтижесінде біз елдің экономикалық даму қарқынына оң ықпалдың болатындығын анық көретін боламыз.

- Сұхбатыңызға рахмет!

Соңғы жаңалықтар