Қазақстандағы қар басқан ауылдың суреті шетелдік БАҚ беттерінде жарияланды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Шығыс Қазақстан облысының Приречное ауылындағы қардан қазылған тоннельдер шетелдіктерді таңғалдырды.

Қазақстандағы қар басқан ауылдың суреті шетелдік БАҚ беттерінде жарияланды

Strangesounds басылымы қалың қар жамылғысын «ақ апокалипсис» деп атады.

Қазгидромет хабарлағандай, қар жамылғысының биіктігі өткен аптада бір тәуліктің ішінде 30 см жеткен.

Облыста ақпан айында боран болып, үйлердің шатырына дейін қар басып қалған. Жоғарыдан тек түтін будақтаған мұржалар ғана көрінеді. Ауыл тұрғындары көшеге шығу үшін үйден тоннельдер жасауға мәжбүр болған. Ауылдағы адамдар үйлердің шатырлары арқылы серуендеуде.

 

Ауылдың бейнесі суреттелген видеоны Youtube желісіне Андрей Щетинин есімді қолданушы салған.