Қазақстандағы саяси үдеріс жаңа серпінге ие болады - мәдениет және ақпарат вице-министрі Ғазиз Телебаев
АТЫ. Қыркүйектің 22-сі. ҚазАқпарат /Екатерина Ионова/ - Мемлекет басшысы еліміздің Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық жөніндегі ұйымға төрағалығын маңызды басымдық ретінде анықтап берді. Бұл біздің еліміз үшін өте маңызды,
себебі Қазақстандағы саяси үдеріс жаңа серпінге ие болады. Бұл туралы сейсенбі күні Алматыда үкіметтік емес ұйымдардың өкілдерімен болған кездесуде мәдениет және ақпарат вице-министрі Ғазиз Телебаев мәлім етті.
«Күнтәртібінде, бірінші кезекте, Қазақстанның 2010 жылғы ЕҚЫҰ-ға төрағалығы тұр. Біз - Ұйымға төраға болатын посткеңестік кеңістіктегі азиялық жалғыз мемлекетпіз. Қазақстаннан сұраныс үлкен және бізге үлкен жауапкершілік жүктеліп отыр. Сондықтан да мемлекеттік органдар мен үкіметтік емес ұйымдардың өзара іс-қимылдары мен серіктестігі жыл сайын жақсара түсуі тиіс», - деп санайды Интеллектуалды еңбектегі әйелдер одағының төрайымы Лейла Ахметова.
Бүгінгі кездесуде білім, сайлау, адам құқықтары, көші-қон және бұқаралық ақпарат құралдары бойынша біраз мәселелер талқыланды.