Қазақстандағы сайлауды 957 шетелдік байқаушы қадағалайды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандағы сайлауды 957 шетелдік байқаушы қадағалайды. Бұл туралы бүгін ҚР Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Марат Сәрсембаев мәлім етті.
None
None

«Өздеріңізде білетіндей, 14 наурыз күні шетелдік байқаушыларды аккредиттеу шаралары аяқталды. Сол күні кешкісін біз ең соңғы байқаушыларды аккредиттедік. Сонымен, олардың жалпы саны 957 шетелдік байқаушыны құрап отыр», - деді М.Сәрсембаев.
ҚР ОСК мүшесінің алға тартқан деректеріне сәйкес, ЕҚЫҰ/ДИАҚБ-ның 286, ТМД Миссиясының 301, Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының 9, ЕҚЫҰ Парламенттік Ассамблеясынан 76, Еуропа Кеңесінің Парламенттік Ассамблеясынан 14, Түркітілдес елдер ынтымақтастығының Кеңесінен 17, Ислам ынтымақтастығы ұйымынан 3, Түркітілдес елдердің Парламенттік Ассамблеясынан 8, шет мемлекеттерден 103 байқаушы, мұнан бөлек, Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі 29 мемлекеттен шетелдік БАҚ-тың 140 өкілі аккредиттелді.

Соңғы жаңалықтар