Қазақстандағы тарихи-мәдени ескерткіштерді ел игілігіне пайдалану жағы кемшін

АЛМАТЫ. 25 желтоқсан. ҚазАқпарат - Сырдария бойындағы қалалардың бәрі бірдей шапқыншылықтан өз тіршілігін тоқтатқан жоқ. Бұл туралы бүгін Алматыда «Ұлы Жібек жолы» деп аталатын жаңа кітаптың тұсаукесерінде айтылды.

Қазақстандағы тарихи-мәдени ескерткіштерді ел игілігіне пайдалану жағы кемшін

«Сырдария бойындағы қалалардың көпшілігі өзен арнасының өзгеруіне байланысты өз тіршілігін тоқтатқан. Қазір біз Сауран деп жүрген қала байырғы орнынан 10 шақырым жерден жаңадан салынған», - дейді жазушы-публицист, режиссер-документалист, тележурналист Анвар Мамраимов. Оның айтуынша, Қазақстанда қазір 25 мың тарихи-мәдени ескерткіштер бар. Алайда олардың бәрі бірдей халық игілігіне пайдаланылып отырған жоқ. Тіпті олардың көпшілігін халық әлі де толық білмейді. Оған Қызылорда облысындағы тамғалы тастар сайын мысалға келтіруге болады. Ондағы суреттердің саны Жамбыл ауданындығы Тамғалы мен Іле ауданындағы Тамғалы тастағы суреттерді қосқаннан да көп. Алайда оны әзірге тек археологтар ғана біледі.

«Егер туризмді дамытып, оларды ел игіліне жарататын болсақ бұдан ел қазынасына да мол қаржы түсіруге мүмкіндік мол. Мәселен, Италиядағы Флоренция қаласы туристік маусымда тек сырттан келетін саяхатшылардан 3 миллиард доллар табыс табады екен. Ұлы Жібек жолының бойындағы қазақ жеріндегі ескерткіштерді жұртшылыққа насихаттап, онда қажетті инфрақұрылымды дамытсақ саяхатшыларды тарту арқылы жергілікті аймақтардың әлеуметтік-экономикалық жағдайын жақсартуға жол ашылар еді», - дейді Ануар Перманұлы.