Қазақстандағы тіл саясатын жетілдіру мәселелеріне арналған ұзақ мерзімді жаңа бағдарлама әзірленеді - М. Құл-Мұхаммед

АСТАНА. Қаңтардың 23-і. ҚазАқпарат /Ернұр Ақанбай/ - Мәдениет және ақпарат министрлігі биыл Қазақстандағы тіл саясатын жетілдіру мәселелеріне арналған ұзақмерзімді жаңа бағдарлама әзірлеуді жоспарлап отыр. Бұл туралы осы министрліктің басшысы Мұхтар Құл-Мұхаммед 2008 жылдың қорытындысына арналған бүгінгі алқа мәжілісінде мәлім етті,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат. «2010 жылы тілдерді қолдану мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасының мерзімі аяқталады. Осыған сәйкес, 2010-2020 жылдарға арналған мемлекеттік тілдің дамуы және Қазақстандағы тіл саясатын жетілдіру мәселелеріне арналған жаңа бағдарлама жасауға кірісуіміз керек», деді алқада М. Құл-Мұхаммед. М. Құл-Мұхаммед министрлік бұл істі есікті жауып алып емес, Қазақстандағы тіл тағдыры толғандыратын барлық қоғамдық-саяси ұйымдар және қайраткерлермен бірлесіп жасайтынын атап көрсетті. Өз баяндамасында М. Құл-Мұхаммед 2008 жылы министрлік мемлекеттік тіл саясатын іске асыруға айрықша көңіл бөлгенін қадап айтты. Оның айтуынша, былтыр жалпы тиражы 500 мың данадан астам 6 әртүрлі сөздік, 22 компьютерлік бағдарламар, 2 түрлі балама оқу бағдарламасы әзірленіп, басылып шығарылған. Сонымен қатар, мемлекеттік тілде оқытатын инфрақұрылымдардың саны көбейген. Мәселен, 2007 жылы елімізде мұндай оқу орталықтарының саны 44 болса, былтыр 62-ге жеткен. Оларға 18 мыңнан астам тыңдарман қатысқан.
Соңғы жаңалықтар