Қазақстандағы төртінші мұнай өңдеу зауыты туралы нақты ақпарат 2015 жылы пайда болады

АСТАНА. 25 желтоқсан. ҚазАқпарат - Бүгін Астанада өткен баспасөз мәслихатында «Самұрық-Қазына» АҚ басқарушы директоры Мәлік Сәлімгереев Қазақстандағы төртінші мұнай өңдеу зауыты (МӨЗ) туралы нақты ақпарат қай жылы пайда болатынын жеткізді.
None
None

Қазақстанда төртінші мұнай өңдеу зауытының құрылысы соңғы кезде жиі көтеріліп жүргеніне тоқталған ол: «Бүгінде қолданыстағы үш мұнай өңдеу зауыттарын қайта құру мен жаңғырту жобалары аяқталғаннан кейін, мұнай өнімдерін тұтыну мен өндірудегі ұзақмерзімді болжамды ескере отырып, жаңа зауытты салу қажеттілігі 2025 жылы туындауы мүмкін»,-деді.

Қазіргі кезде жаңа МӨЗ-дің құрылысы талқыланып жатқан көрінеді.

Оның сөзіне қарағанда, 2014 жылы «ҚазМұнайГаз» компаниясы аталған зауыттың құрылысы бойынша техникалық-экономикалық есептеулер мен зерттеуге кірісуді жоспарлап отыр және бұл жұмыстар 2015 жылға қарай аяқталмақ. Осы орайда бұл МӨЗ-ді жүзеге асыру, шикізат бойынша, сондай-ақ оның орналасуы, жобаның техникалық-эконикалық мазмұны туралы ақпарат 2015 жылы пайда болатынын атап өтті.

Соңғы жаңалықтар