Қазақстандағы үздік ЖОО анықталды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Елордада «Қазақстанның 2019 жылғы үздік жоғарғы оқу орындары» ұлттық рейтингінің сертификаттары табысталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұлттық рейтингті Білім сапасын қамтамасыздандыру бойынша тәуелсіз агенттік (IQAA-Ranking) жүргізген. Агенттік ұлттық рейтингке көрсетілген ақпараттың мектеп бітірген талапкерлер мен олардың ата-аналарына, жұмыс берушілер мен мемлекеттік органдар үшін тиімді екенін атап өтті. null

«Біздің рейтинг жоғары оқу орындарына өз қызметтерін жақсартуға мүмкіндік береді. Себебі, біз зерттеудің нәтижесін жариялап қана қоймаймыз, әр индикатор бойынша университеттердің қай орында тұрғанын көрсете аламыз. Яғни, әрбір университет өз жұмысын өзге оқу орындарымен салыстырып, қай бағытта жұмыс істеу қажеттігін ұғынады. Осылайша, стратегиялық жоспарларына, дербес қызметтеріне өзгеріс енгізіп, ұлттық рейтинг нәтижесін жақсарта алады», - деді Білім сапасын қамтамасыздандыру бойынша тәуелсіз агенттік президенті Шолпан Қаланова журналистерге берген сұхбатында.

Оның айтуынша, келесі жылы ұлттық рейтинг құрамына жаңа көрсеткіштер қосылады.

«Қазір университеттердің әлеуметтік жауапкершілігін көтеруге ерекше мән беріліп отыр. Келесі жылы ұлттық рейтинг әдістемесіне кішігірім өзгеріс енгізіп, университеттердің әлеуметтік жауапкершілігін бағалайтын индикаторлар қосамыз. Бүгінде жаһандық үш рейтинг әлеуметтік жауапкершілік көрсеткішін қосып үлгерді. Және осы рейтингтердің нәтижесі бойынша, әлеуметтік жауапкершілік индикаторының университетті жергілікті дамытуға, студенттер мен цифрлық технологиялардың қоғам дамуына ықпал ететіні анықталды», - деді агенттік президенті.

Айта кетейік, Қазақстандағы ең үздік ЖОО-лардың ұлттық рейтингі 2008 жылдан бері өткізілуде. Биыл 11-ші ұлттық рейтинг өтті.

«Үздік көпсалалы университеттер» аталымы бойынша әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университеті, Академик Е. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті және М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті көш бастады. Одан бөлек, С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті, С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университеті мен М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті ұлттық рейтинг сертификаттарын алды. null

«Үздік өнер ЖОО» бағыты бойынша Қазақ ұлттық өнер университеті мен Қазақ ұлттық Хореграфия академиясы үздік деп танылды. «Үздік техникалық университеттер» аталымында бірінші орынды Satpayev University жеңіп алды.Екінші орында - Қазақстан-Британ техникалық университеті, үшінші орында - Қарағанды мемлекеттік техникалық университеті. Төртінші орын Қазақ ұлттық аграрлық университетіне, бесінші орын - Алматы энергетика және байланыс университетіне берілді.

«Үздік гуманитарлық-экономикалық университеттер» аталымында бірінші орын КИМЭП университеті, екінші орынды - «Қазтұтыну одағы» Қарағанды экономикалық университеті, үшінші орынды - Алматы менеджмент университеті иеленді.

«Үздік медициналық ЖОО» бағыты бойынша, С. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медициналық университеті, Семей медициналық университеті озып шықты. «Үздік педагогикалық жоғары оқу орындары» бағытында бірінші орынды Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, екінші орынды - Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті және үшінші орынды - М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік педагогикалық университеті алды.

null null null

Соңғы жаңалықтар
telegram