12:40, 23 Қаңтар 2009 | GMT +5
Қазақстандағы зейнеткерлердің әрбір оныншысы жұмыс істеуге ниетті ? дөңгелек үстел отырысы
АСТАНА. Қаңтардың 23-і. ҚазАқпарат /Айдар Оспаналиев/ - Қазақстандағы зейнеткерлердің әрбір оныншысының жұмыс істегісі келеді.

Бұл туралы бүгін «Нұр Отан» партиясының халықтық платформасы және бәсекеге қабілетті ұлт қалыптастыру» тақырыбында өткен дөңгелек үстел отырысында Мәжіліс депутаты
Айткүл Самақова мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Оның айтуынша, осы мәселе бойынша арнайы жүргізілген зерттеу жұмыстарының нәтижелері қарттарға шағын және орта бизнеске араласу үшін несие алу мүмкіндігінің жоқтығы үлкен проблема болып отырғандығын көрсеткен. Қарттар өздерін мемлекеттік қызметке қабылдауды сұрап отырған жоқ. Алайда олар "денсаулығы жарамды, тәжірибесі мол, жұмыс істей білетін жандарға сарылып үйде отырудың қажеті жоқ" деп есептейді. А.Самақованың деректеріне қарағанда, еліміздегі зейнеткерлердің басым бөлігі өздерінің дұрыс тамақтанбайтындығына, тегін медициналық жәрдемнің тиісті дәрежеде көрсетілмейтіндігіне наразы.