Қазақстандағы жалақының ең үлкен мөлшері кәсіби, ғылыми және техникалық қызмет иелерінде болып отыр
Агенттік мәліметтері бойынша, салалық құрылымда жалақының ең үлкен мөлшері кәсіби, ғылыми және техникалық қызметте - 181,5 мың теңге. Бұл орташа республикалық деңгейден 2,0 есеге асады. Ал кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді қазуда 175,7 мың теңге, (1,9 есе), қаржы және сақтандыру қызметінде - 160,7 мың теңгеге (1,7 есе) белгіленген. Ең төменгі жалақы сумен жабдықтау; кәріз жүйесі, қалдықтардың жиналуын және таратылуын бақылау қызметкерлерінде болып отыр. Бұл 54,6 мың теңгені құрайды және ел бойынша орта көрсеткіштен 40,7 пайызға төмен.
Өңірлік бөліністе ең жоғары жалақы Маңғыстау облысында белгіленді - 166,4 мың теңге, бұл орташа республикалық көрсеткіштен 1,8 есеге асады. Жамбыл облысында мұның шамасы 65,4 мың теңгені құрады, бұл ел бойынша орташа деңгейден 28,9 пайызға төмен.