Қазақстандағы жылдың ең үздік боксшыларының есімдері белгілі болды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанның бокс федерациясы 2014 жылы үздік спортшылар мен жаттықтырушыларды, сондай-ақ отандық бокстың дамуына үлес қосқан бірқатар азаматтарды марапаттады.
None
None

«Ересектер арасында үздік боксшы ретінде Азия ойындарының чемпионы, әлем чемпионы Данияр Елеусіновтың есімі аталды, жастар арасында Нанкиндегі жасөспірімдердің жазғы Олимпиада ойындарында Қазақстан үшін бірінші алтынды ұтқан Абылайхан Жүсіпов үздік боксшы атанды», - делінген федерацияның хабарламасында. Әйелдер арасындағы үздік боксшы - Назым Қызайбай, ол биылғы жылы ел тарихында бірінші рет Оңтүстік Кореядағы әлем чемпионатында алтынды еншіледі. Ересектер арасында үздік бапкер болып ұлттық құраманың жаттықтырушысы Мырзағали Айтжанов атанса, жастар арасында - Ғалымбек Кенжебаевтың еңбегі еленді. Әйелдер ұлттық құрамасының аға жаттықтырушысы Вадим Присяжнюк әйелдер арасындағы үздік тәлімгер, ал үздік рефери болып Оңтүстік Қазақстан облысының өкілі Әлішер Алтаев танылды.

Соңғы жаңалықтар