Қазақстандық 11 семсерлесуші Берндегі әлем кубогында бақ сынайды

АСТАНА. KAZINFORM – Қазақстанның ерлер құрамасы семсерлесуден Бернде (Швейцария) өтетін әлем кубогы кезеңіне қатысады.

Қазақстандық 11 семсерлесуші Берндегі әлем кубогында бақ сынайды
Фото: ҰОК

Әлемдік додада ұлттық құрама сапына енген 11 спортшы сынға түседі. Олардың қатарында Руслан Курбанов, Эльмир Әлімжанов, Кирилл Проходов, Вадим Шарлаимов, Ерлік Сертай, Александр Федотов, Никита Жулинский, Аңсар Қасен, Богдан Лукин, Кирилл Павлов және Георгий Тинников бар. 

Айта кетейік, жарыс 22-23 мамыр күндері өтеді. 

Еске салсақ, бұған дейін Қазақстан семсерлесуден Мысырдағы әлем кубогы кезеңіне қатысатынын хабарлаған едік.