Қазақстандық ата-аналар балаларының гаджеттерін қалай бақылайды
АСТАНА. KAZINFORM – Қазақстандық ата-аналардың едәуір бөлігі балаларының гаджеттерін бақылау үшін арнайы бағдарламаларды пайдаланатынын айтқан.
Қазақстандық қоғамдық даму институты жүргізген зерттеу нәтижесіне сәйкес, сауалнамаға жауап бергендердің 43%-ы балалар құрылғыларын бақылауға мүмкіндік беретін түрлі бағдарламаларды қолданатынын мәлімдеген.
Ал респонденттердің 14,8%-ы баланың орналасқан жерін бақылауға арналған арнайы құрылғылар пайдаланатынын көрсеткен.
Сонымен қатар ата-аналардың 10,3%-ы мұндай бақылауды баланың жеке кеңістігіне араласу деп санайтынын айтып, бұл әрекетті құптамайтынын жеткізген.
Тағы 10%-ы балалар гаджеттерін бақылауға уақыт таппайтынын мәлімдеген.
Зерттеу барысында респонденттердің басым бөлігі – 58,9%-ы балалардың экран уақытын бақылауға қатысты сұраққа жауап беруден бас тартқан.
Сарапшылардың пікірінше, зерттеу нәтижелері балалардың цифрлық қауіпсіздігі мен ата-аналық бақылау мәселесі Қазақстан отбасылары үшін өзекті тақырыптардың біріне айналғанын көрсетеді.
Айта кетейік, Швеция мектептері гаджеттерден гөрі кітапқа басымдық береді.