Қазақстандық ауыр атлеттер Қырғызстандағы турнирде 5 медаль жеңіп алды

АСТАНА. KAZINFORM – Ауыр атлетикадан Қырғызстан астанасында өткен халықаралық турнирде Қазақстан құрамасы 4 алтын, 1 күміс жүлдеге қол жеткізді. 

Қазақстандық ауыр атлеттер Қырғызстандағы турнирде 5 медаль жеңіп алды
Фото: ҰОК

Атап айтқанда, Ақмолда Сайрамкез (65 келіге дейін), Аянат Жұмағали (77 келіге дейін), Сания Орманбаева (86 келіге дейін) және Ақерке Байманап (86 келіден жоғары) жарыс кезінде қарсыластарынан оқ бойы алда болып, жеңістің ең биік тұғырына көтерілді. Ал Марта Давлетиярова (77 келіге дейін) күміс жүлдені қанағат тұтты. 

Еске сала кетейік, бұған дейін Астанада ауыр атлетикадан Қазақстан чемпионаты аяқталғанын жазған едік. 

Соңғы жаңалықтар