Қазақстандық баскетболшы қыздар U18 Азия кубогына жолдама алды

АСТАНА.KAZINFORM - Астанада 18 жасқа дейінгі қыздар арасындағы баскетболдан Азия кубогының іріктеу турнирі аяқталды.

я
Фото: Оlympic.kz

ҚР ҰОК мәліметінше, Орталық Азия елдері арасындағы іріктеуге Қазақстан, Өзбекстан және Қырғызстан құрамалары қатысты.

Біздің команда алғашқы ойында Қырғызстанды 75:34 есебімен жеңді. Шешуші кездесуде қазақстандықтар Өзбекстаннан басым түсті — 89:41.

Осылайша, Қазақстан бірінші орынды иеленіп, биылғы жылдың қыркүйек айында Таиландта өтетін Азия кубогына жолдама алды.

Айта кетейік, Моңғолияның Улан-Батор қаласында өтіп жатқан 2026 жылғы Азия чемпионатының алғашқы жарыс күнінде қазақстандық екі боксшы жарыс жолынан шығып қалды.

Алматыда қазақ күресінен күштік құрылымдар арасында өткен жарыстың жүлдегерлері анықталды.