Қазақстандық биатлоншы әлем кубогы кезеңінде мергендік танытты

АСТАНА. KAZINFORM — Германияның Рупольдинг қаласында биатлоннан әлем кубогы кезеңі мәресіне жетті. 

Владислав Киреев
Фото: ҰОК

Осы дода барысында қазақстандықтардан Владислав Киреев үздік нәтижеге ие болды.

Ол алдымен 10 шақырымдық спринтте қос бірдей ату айлағында бірде-бір оғын мүлт жібермей, 43-орыннан көрінді.

В.Киреев бүгін 60 үздік биатлоншының арасында 12,5 шақырымдық із кесу жарысында өнер көрсетті. Бұл жолы төрт ату айлағында нысананың бәрін дәл көздеген ол мәре сызығын 33-інші болып қиды. Владислав нысана көздеуде мүлт кетпеген үш биатлоншының бірі атанды.

Із кесу жарысында норвегиялық Йоханнес Дале-Шевдал чемпион атанса, франциялық Эрик Перро екінші, швециялық Мартин Понсилуома үшінші орынға көтерілді.

Келесі әлем кубогы кезеңі Чехияның Нове-Место-на-Мораве қаласында 22-25 қаңтар аралығында өтеді. 

Владислав Киреев әлем кубогының жалпы есебінде 43 ұпаймен 51-орында тұр. Небәрі 4 ұпайы бар Әсет Дүйсенов 85-сатыда.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын биатлоннан әлем кубогында Владислав Киреевтің із кесу жарысында ТОП-20-ға кіргенін жазған едік

Соңғы жаңалықтар