17:16, 10 Наурыз 2024 | GMT +5
Қазақстандық боксшы Алуа Балқыбекова келесі кезеңге өтті
АСТАНА. KAZINFORM — Бусто-Арсициодағы Олимпиада жолдамалары сарапқа салынып жатқан турнирде қазақстандық боксшылар арасынан бірінші болып шаршы алаңға шыққан Алуа Балқыбекова келесі кезеңге өтті.

Отандасымыз Оңтүстік Корея елінің боксшысы Джу Хюнг Чонды 4:1 есебімен ойсырата жеңді. Осылайша Алуа Балқыбекова Олимпиада жолдамасына бір табан жақындай түсті.
Айта кетсек, бұған дейін лицензиялық турнирде бүгін шаршы алаңға кімдер шығатынын жазған болатынбыз.
Еске салайық, Италиядағы турнирдің 1/8 финалында Айбек Оралбайдың қарсыласын жеңіп, Олимпиада лицензиясына бір табан жақындады. Сондай-ақ әйелдер арасында Қазақстан құрамасының атынан сынға түскен Наталья Богданова жарыс жолынан шығып қалды.