15:32, 07 Қараша 2023 | GMT +5
Қазақстандық боксшы Сочиде ресейлік спортшыны жеңді

26 жастағы Ибрагимов Сочидегі (Ресей) бокс кешінде өнер көрсетті. Қарсыласы – 24 жастағы ресейлік дебютант Марат Гаспарян. Жекпе-жек төрт раундқа жоспарланған болатын. Екі боксшы төрт раунд бойы жұдырықтасып, Ибрагимов төрешілердің дауыс басымдығымен жеңіске жетті.
Осылайша Алтынбек Ибрагимов кәсіпқой рингтегі екінші жеңісіне қол жеткізсе, Марат Гаспарян бірінші рет жеңілді.