Қазақстандық боксшы WBA атағына таласады

АСТАНА. KAZINFORM – Қазақстандық кәсіпқой боксшы Балауса Мұздыман келесі жекпе-жегінде чемпиондық титулға таласады, деп хабарлайды Sports.kz порталы.

спорт, бокс, Муздиман
Фото: Sports.kz

25 шілдеде Тайландтың Бангкок қаласында қазақстандық спортшы ең жеңіл салмақта (55 келіге дейін) WBA Asia белдігі үшін жұдырықтасады. Оның қарсыласының есімі әлі жарияланған жоқ.

Мұздыман бұған дейінгі жекпе-жегін 1 маусымда Алматыда өткен кәсіпқой бокс кешінде үнділік Моника Сингхті бірінші раундта нокаутқа түсірген кезде өткізді. Бұл жеңіс 26 жастағы қазақстандық боксшыға BoxRec-тің ең жеңіл салмақтағы рейтингінде 115-орыннан 95-орынға көтерілуге мүмкіндік берді.

Соңғы жаңалықтар