Қазақстандық боксшылар Сербиядағы халықаралық турнирде жеті медаль жеңіп алды
АСТАНА.KAZINFORM - Қазақстан құрамасы бокстан Сербияның Белград қаласында өткен халықаралық турнирде жеті медальға ие болды.
ҚР ҰОК мәліметінше, аталған байрақты бәсекеде жалғыз алтын медальді Нұрасыл Төлебек (60 келіге дейін) жеңіп алды.
Нұрбек Мұрсал (70 келіге дейін) және Ибрагим Бетаев (90 келіге дейін) күмістен алқа тақты.
Ал Нұрзат Оңғаров (50 келіге дейін), Нұрсұлтан Шілдебай (80 келіге дейін), Аян Қалмағанбетов (85 келіге дейін), Аслан Елдібайұлы (90 келіден жоғары) жарысты қола жүлдемен аяқтады.
Айта кетейік, Қазақстан құрамасы бокстан U17 санатындағы Азия чемпионатында 16 медаль жеңіп алған еді.