Куба ЕАЭО-ға медицина, энергетика және логистика салаларында ынтымақтастықты нығайтуды ұсынды

АСТАНА. KAZINFORM – Куба Вице-президенті Сальвадор Вальдес Меса Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің кеңейтілген құраммен отырысында Мариэль арнайы даму аймағын ЕАЭО-мен логистикалық және сауда ынтымақтастығын кеңейтуге қолдануды ұсынды.

Почему Куба вновь оказалась в центре политики США
Коллаж: Kazinform/ Сурет нейрондық желіні пайдаланып жасалды

Оның сөзінше, V Еуразиялық экономикалық форумның алғашқы күні Куба мен Еуразиялық экономикалық комиссия ынтымақтастықтың 2026–2030 жылдарға арналған бірлескен жоспарына қол қойды.

– Бұл құжат ынтымақтастықты нығайтады. Нақты және екіжақты жобаларды бірлесіп жүзеге асыру арқылы сауда-экономикалық қатынастарымызды дамытамыз, – деді Куба Вице-президенті.

Сонымен бірге, ол ЕАЭО елдерінің тауарлары мен қызметтері Куба нарығына енуі үшін жағдай жасауға дайын екенін мәлімдеді. Одан бөлек, еуразиялық инвесторлар мен қаржы институттарын Кубада стратегиялық маңызды салаларда жобаларды жүзеге асыруға шақырды.

Сальвадор Вальдес Месаның айтуынша, Куба халықаралық медициналық ынтымақтастықтағы тәжірибесін және биофармацевтикадағы зерттеулер нәтижелерін бөлісуге әзір.

Ол Мариэль арнайы даму аймағын қолдануды ұсынды. Бұл алаң ЕАЭО және Латын Америкасы мен Кариб бассейні елдері арасындағы логистикалық, сауда байланыстарын күшейтуге септігін тигізе алады.

– Кубада денсаулық сақтау, азық-түлік және энергетикалық қауіпсіздік, жаңартылатын энегрия көздері, биофармацевтика, химия өндірісі, медициналық туризм секторларында ЕАЭО-ға жақсы жағдай бар, – деді Вице-президент.

Ал ЕАЭО тарапынан Кубаның цифрландыру, ЖИ және электронды сауда салаларында үйренуге қызығушылығы бар. Сонымен қатар бірлескен инвестициялық жобаларды іске асыруға ынталы.

Айта кетейік, бұған дейін ЕАЭО елдері жасанды интеллектіні жауапкершілікпен дамыту туралы бірлескен мәлімдеме қабылдағанын жазғанбыз.