Отандық дзюдошылар ашық Азия кубогына қатысады
АСТАНА. KAZINFORM — 11-12 шілде аралығында Тайбэй қаласында (Қытайлық Тайбэй) дзюдодан ашық Азия кубогы өтеді, деп хабарлайды ҰОК баспасөз қызметі.
Халықаралық дзюдо федерациясы (IJF) жарысқа қатысушылардың алдын ала тізімін жариялады. Қазақстан құрамасының алдын ала тізіміне 14 спортшы енді.
Ерлер
60 келіге дейін: Тоқтар Үміталиев, Асылхан Зейнуллин
66 келіге дейін: Мейірбек Байзақов, Нұрсұлтан Зайзағалиев
73 келіге дейін: Мади Жеткерген, Береке Рахматуллаұлы
81 келіге дейін: Мади Амангелді
100 келіге дейін: Әділет Сапарғалиев
100 келіден жоғары: Мади Еділбаев, Санжар Жабборов
Әйелдер
48 келіге дейін: Аяна Дүйсенбай
52 келіге дейін: Айшабибі Мурадимова
63 келіге дейін: Ханзада Қайратова
78 келіден жоғары: Толқын Тұрсынақынова
Айта кетейік, тізімге өзгерістер енгізілуі мүмкін.
Бұған дейін дзюдодан Еуропа кубогында Ғалымжан Қырықбай чемпион атанғанын жазғанбыз.