Қазақстандық екі спортшы Прагадағы әлем біріншілігінде өнер көрсетеді
АСТАНА. KAZINFORM — Мәнерлеп сырғанаудан Прагада (Чехия) өтетін әлем чемпионатында екі қазақстандық спортшы өнер көрсетеді. Бұл туралы ҰОК хабарлады.
Әлем біріншілігі 25-29 наурыз аралығында өтеді. Халықаралық конькишілер одағының мәліметіне сәйкес, чемпионатқа қатысушылар тізіміне Қазақстан құрамасынан екі спортшы енген.
Аталған турнирде Софья Самоделкина мен Диас Жиренбаев бақ сынайды. Алдағы әлем чемпионатын Олимпиада чемпионы Михаил Шайдоров өткізіп алады. Спортшы тығыз жарыс кестесінен кейін қалыпқа келуге уақыт бөлуді жөн көрген.
Айта кетелік Түркістан облысында «Балуан тас сапары» экспедициясы басталғаны туралы жазған едік.