Қазақстандық екінші боксшы әлем кубогында жарыстан шығып қалды

АСТАНА. KAZINFORM — World Boxing федерациясының ұйымдастыруымен өтіп жатқан бокстан әлем кубогында 20 сәуірде ел құрамасынан 1/8 финалда Дәулет Төлемісов бразилиялық Фильо Исайаспен қолғап түйістірді.

Дәулет Төлемісов
Фото: Қазақстан бокс федерациясы

Отандасымыз бірінші нөмірде жұдырықтасып, басымдықты алуға тырысса да, қарсылас қарымта шабуылда жылдам әрі дәл соққыларымен жеңісті өз еншісіне жазды. Қорытынды есеп: 0:5.

Осылайша ол жарысты ерте аяқтауға мәжбүр болды.

Айта кетсек, бұдан бұрын Назым Қызайбай (54 келі) Түркия өкілі Айсен Таскиннен 4:1 есебімен басым түсті.

Сондай-ақ Жансері Көшербаев (60 келі) ирландиялық Джуд Галлахерге есе жіберіп, 1/16 финалдан аса алған жоқ.

Беделді бәсеке Бразилияның Фос-ду-Игуасу қаласында 20-26 сәуір аралығында өткізіледі. Ал кешкі сессияда 4-жұпта 1/16 финал. Фарух Тоқтасынов (70 келі) ирландиялық Джон МакКоннел, 13-жұпта 1/16 финалда Диас Молжігітов (80 келі) жапониялық Кай Ториабемен шаршы алаңға шығады.

Кешкі сессия Қазақстан уақытымен 01:00–де басталады.