Қазақстандық ескекшілер Мажарстандағы әлем кубогында бақ сынайды

АСТАНА. KAZINFORM – 8 мамырда Сегедте (Мажарстан) байдарка мен каноэде ескек есуден әлем кубогының алғашқы кезеңі басталады.

Байдарка мен каноэде есу
Фото: ҰОК

Бұл халықаралық жарысқа Қазақстан құрамасы да қатысады.

Қазақстан спортшыларының толық тізімі төмендегідей:

Байдаркамен ескек есушілер: Бекарыс Раматулла, Игорь Ряшенцев, Сергей Токарницкий, Дмитрий Холмогоров, Артем Терещенко, Кирилл Тубаев, Стелла Суханова, Татьяна Токарницкая, Ольга Шмелева.

Каноэмен ескек есушілер: Мария Бровкова, Ольга Сурмина, Руфина Искакова, Маргарита Торлопова, Ульяна Киселева, Полат Түребеков.

Жарыс барысында Лос-Анджелес-2028 Олимпиадасына іріктеу үшін маңызды рейтингілік ұпайлар есепке алынады.

Айта кетейік, әлем кубогының кезеңі 10 мамырда аяқталады.

Бұған дейін Қытайда байдарка мен каноеде ескек есуден Азия чемпионаты аяқталғанын жазғанбыз.