Қазақстандық ескекшілерден Азия ойындарында алғашқы нәтиже: Роза Кеңес финалда

АСТАНА. KAZINFORM — Аичи-Нагояда (Жапония) өтіп жатқан Азия ойындарында академиялық ескек есуден бәсекелер басталды. Бұл туралы ҰОК мәлім етті.

 Қазақстандық ескекшілерден Азия ойындарында алғашқы нәтиже: Роза Кеңес финалда
Фото: ҰОК

Алғашқы жарыс күнінде отандастарымыз екі В финалына жолдама алды. Асханбек Бапан жекелей сайыста 7:00.52 уақыт көрсеткішімен сегізінші орынға жайғасып, В финалына өтті. Сондай-ақ Алексей Красновский мен Владислав Галкин жұптық екілікте 6:36.28 уақыт нәтижесімен бесінші орын алып, В финалына өтті.

Қазақстандық спортшы Роза Кеңес ескек есуден Аичи-Нагояда (Жапония) өтіп жатқан 2026 жылғы Азия ойындарының іріктеу кезеңінде сынға түсті. Роза Кеңес жеңіл салмақтағы жекелей сайыста А финалында өнер көрсетеді. Отандасымыз іріктеу кезеңінде қашықтықты 7:49.70 уақытта бағындырып, бесінші орынға ие болды. Осылайша ол іріктеуден сәтті өтті.

Айта кетейік, жеңіл атлет Кристина Морозова ел қоржынын күміс медальмен толықтырды.