Қазақстандық Ева Корышева Аустралиядағы жарыстың жартылай финалында ойнайды

АСТАНА. KAZINFORM – «Мельбурн парк» корттарында  ATF Asia-Pacific Elite 14 & Under Trophy турнирінің топтық бәсекелері аяқталды.

Ева
Фото: ҚТФ

А тобында бірінші орын алған Ақтөбе теннис мектебінің түлегі, 14 жастағы Ева Корышева бүгін таңмен үндістандық Харита Ванкатешті 6:1, 7:5 есебімен тізе бүктірді.

Сондай-ақ Ева бүгін түсқайта жартылай финалда жаңазеландиялық Яшвита Реддимен кортқа шықты. Есеп Корышеваның пайдасына 5:1 болған мезетте матч жаңбырға байланысты тоқтатылып, ертеңге қалдырылды.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Аустралия ашық чемпионатында жасөспірімдер арасында қазақстандықтардан алғаш болып Әмір Омархановтың жартылай финалға өте алмағанын жазған едік. 

Соңғы жаңалықтар