Қазақстандық футбол бапкерлерінің қайсысы шетелде сұранысқа ие

АСТАНА. KAZINFORM - Қазақстандық футбол бапкерлері тек елімізде ғана емес шетелде де сұранысқа ие болып келеді. Kazinform тілшісі қазақстандық футболшыларды даярлау тәжірибесі шет елдерде қалай бағаланып жүргеніне зер салып көрді.

Қазақстандық футбол бапкерлерінің қайсысы шетелде сұранысқа ие
Фото: Kazinform/ЖИ

Жыл сайын қазақстандық түлектердің еуропалық клубқа кететіні туралы жағымды жаңалықтарды жиі көзіміз шалатын болды. Олардың арасында топ-клубтар көзтіккен Карим Мендиканов және Дастан Сәтпаев секілді жас таланттар бар. Бұл отандық жас футбол шеберлері ең жоғары деңгейде ойын көрсету үшін нақты талаптарға сәйкес келетінін айғақтайды.

Оған қоса қазір қазақстандық жанкүйерлер олардан жасы үлкен тәжірибелі футболшылардың еуропалық клубтарға ауысып жатқанын жақсы біледі, Атап айтқанда, бүгінде ұлттық құраманың үш ойыншысы - Ислам Чесноков, Стас Покатилов және Нұралы Әліп Шотландия, Әзербайжан және Ресей клубтарының құрамында сол елдердің чемпионатында қол жеткізді.

Kazinform бапкерлік тәжірибесі арқылы шетелде сұранысқа ие болған қазақстандық бес маманның қызметіне назар аударды.

Александр Кузнецов

Қазақстандық жаңа толқын бапкерлердің арасында ең көп танымал атанған Александр Кузнецов ұзақ уақыт бойы еліміздің жастар және жасөспірімдер құрамасының тізгінін ұстады. Бұл қызметінде ол барлығы 122 ойын өткізді.

м
Фото: ҚФФ

Құрамада жұмыс істеген кезінде 41 жастағы маман Brain Football деп аталатын футболшыларды даярлаудың өзіндік әдістемесі мен философиясын әзірледі. Оның философиясы шеңберінде «футбол интеллектісін» дамытуға басымдық беріледі, ойыншының жағдайды тез талдап, алаңда дұрыс шешім қабылдау қабілеті ескеріледі. Сондай-ақ оның әдістемесі бойынша барлық жасөспірімдер құрамасы үшін бірыңғай даму бағдарламасы мен ойын стилі (U15-тен U19-ға дейін), жүйелік скаутинг және бапкердің ойыншыларды оқытуға баса назар аударуы маңызды деп есептелді. Қазақстанда бұл әдістемені сәтті енгізу тәжірибесі негізінде оған Қытай клубтары қызығушылық білдірді және Шанхайға шақырту алды. Бапкердің айтуынша, халықаралық тәжірибе - кәсіби дамудың маңызды құрамдас бөлігі.

Самат Отарбаев

Бүгінде 36 жасқа толған Самат Отарбаев қазірге дейін еліміздегі «Ордабасы», «Ақтөбе», «Тараз» және «Қыран» клубтарында қақпашы қызметін атқарды. Қазақстан ұлттық құрамасына шақырту алды. 2025 жылдың басында Самат Қытайға келді. 2026 жылдың наурыз айында қытайлық «Синьцзян Цзиньдунь» командасымен келісімшартын жалғастырды.

ы
Фото: QJ League

2026 жылдың мамырында ол қытайлық Чемпиондар лигасында (CMCL - төртінші дивизион) оның шәкірттері тұсаукесер ойынын өткізіп, турнирді ірі 5:0 есебімен бастады. 

Кейінгі берген сұхбатында Самат Отарбаев Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданының құрама жүйесімен келісімшартты ұзарту туралы айтты. Ол қазір U-18 жастарымен жұмыс істейтінін және Гуанси провинциясындағы ірі ұлттық «Үш үлкен доп» (футбол, баскетбол, волейбол) турниріне қатысатынын атап өтті. Сондай-ақ ол Қытайдың Чемпиондар Лигасында (CMCL) қақпашылар бапкері ретіндегі «Синьцзян Цзиньдунь» клубындағы тұсаукесер кездесуін растады, онда команда плей-оффқа сәтті шықты.

Азат Кұрманов

Отарбаевтың құрдасы Азат Құрманов Александр Кузнецовпен бірге Қазақстан жасөспірімдер құрамасында (U-19) қақпашылар бапкері ретінде қызмет атқарды және «Brain Football» философиясымен жақсы таныс. Сондықтан оның тәжірибесіне шетелде қызығушылықтың болуы таңғаларлық жағдай емес.

с
Фото: Азата Құрмановтың Instagram парақшасынан

Қазіргі уақытта Құрманов Шандун провинциясындағы Линьи қаласының жастар командасы мен академиясының қақпашылар бапкері болып жұмыс істейді. Оның 2026 жылы Қытайға кетуі басқа қазақстандық мамандармен бірлесіп жастар футболын дамыту жөніндегі халықаралық жобаға қатысумен байланысты жүзеге асты.

Владимир Чебурин

Бүгінде 60 жастағы Владимир Чебурин бапкерлік қызметін 2000 жылдардың алғашқы кезеңінде бастады. 2014-2025 жылдары ол литвалық («Круоя», «Судува», «Жальгирис») клубтарда өткізді.

в
Фото: ҚФФ

Сол елде бірнеше мәрте чемпиондық атақты жеңіп алса, 2022 жылы «Жальгиристі» еурокубок ойындарының топтық кезеңіне алып шықты. 
Литвадағы қызметінен кейін мол тәжірибе жинақтаған Чебурин Қазақстанға оралды. Қазір Қазақстан жастар құрамасы (U-21) мен «Атырау» футбол клубында жетекшілік етеді.

Ержан Серғазин

Ао 49-жастағы Ержан Серғазин қазіргі уақытта Норвегияда қызмет атқарады. Онда футболшыларды даярлаудың өзіндік жүйесін дамыту ісіне көңіл бөліп отыр. Оның қақпашылар бапкері (UEFA-ның А лицензиясы) және психологиялық дайындық маманы (спорт психологы) секілді екі мамандығы бар, онда Еуропа чемпионаттарының кәсіби ойыншыларымен (Норвегия, Дания және т.б.) жұмыс істейді.

с
Фото: Ержан Серғазиннің Instagram парақшасынан

 

Оның бапкерлік әдістемесі «Футболдағы зейін» деген мағына береді. Маманның айтуынша, маңызды екпін ойыншылардың алаңдағы тиімділігін арттыруына назар аударылады. Бұл олардың эмоционалды жағдайына әсер етеді.

Футболшы ретінде Ерзат Серғазин «Қайрат», «Жетісу» және «Алматы» командаларында қақпагһшы міндетін атқарды, кейін Польша мен Норвегия клубтарында ойнады. Бапкерлік мансабын норвегиялық «Браттваг» клубында бастады.

Еске салсақ, Қазақстан Премьер-лигасында «Ертіс» пен «Елімай» тең нәтижеге қанағат білдірді.