Қазақстандық гимнастар Мысырдағы әлем кубогы кезеңінде өнер көрсетеді
АСТАНА. KAZINFORM – Спорттық гимнастикадан Қазақстан ерлер құрамасының бапкерлер штабы Каирде (Мысыр) өтетін әлем кубогы кезеңіне қатысатын құрамды анықтады.
Мысыр астанасында еліміздің намысын Нариман Құрбанов, Зейнолла Ыдырысов, Ілияс Әзізов, Асан Салимов және Алтынхан Темірбек қорғайды.
Әлем кубогының кезеңі 3-6 сәуір аралығында өтеді.
Айта кетейік, бұған дейін Түркияда өткен әлем кубогы кезеңінде ұлттық құрамамыз бір медаль жеңіп алған болатын. Ат снарядындағы жаттығуда Зейнолла Ыдырысов екінші орын алды.
Еске сала кетейік, бұған дейін екі қазақстандық гимнаст Болгарияда өтетін әлем кубогы кезеңінде бақ сынайтынын жазған едік.