15:10, 11 Желтоқсан 2025 | GMT +5
Қазақстандық хоккейшілер жастар арасындағы әлем чемпионатында Францияны жеңді
АСТАНА. KAZINFORM – Шайбалы хоккейден Қазақстан ерлер құрамасы Словенияда өтіп жатқан жастар арасындағы әлем чемпионатында ірі есеппен жеңіске жетті.
Үшінші ойында ұлттық құрама Франциямен кездесті. Бірінші кезеңде франциялықтар 2:0 есебімен алға шықты. Дегенмен отандастарымыз бір гол соғып, есепті қысқартты.
Екінші кезеңде жалпы 5 шайба соғылды. Оның төртеуі біздің спортшылардың еншісіне жазылды. Соңғы кезеңде Қазақстан құрамасы 9 гол енгізсе, франциялық хоккейшілер 3 шайбамен жауап қайтарды.
Ойын 14:6 есебімен Қазақстан құрамасының пайдасына аяқталды. Келесі матчта ұлттық құрама Норвегиямен ойнайды.
Бұған дейін Астанада қысқы спорт түрлеріне арналған бірыңғай мектеп құрылатынын жазғанбыз.