Қазақстандық инженер АҚШ-тағы ең үздік 10 дрон әзірлеушінің қатарына енді

АСТАНА. KAZINFORM — Вашингтонда өткен «Drone Dominance Innovation Challenge» байқауында Шығыс Қазақстан облысының тумасы Ерлан Әлімханов жасаған көпмақсатты дрон үздік 10 финалистің қатарына енді.

Қазақстандық инженер АҚШ-тағы ең үздік 10 дрон әзірлеушінің қатарына енді
Фото: Рүстем Қожыбаев/Kazinform

«MEGADRONE360» деп аталатын дронды әзірлеуге шамамен екі жыл кеткен және ол Америкада жасалған.

Ақыры жоба ұшқышсыз ұшу аппараттары (ҰҰА) технологиясы саласындағы 200-ден астам америкалық компаниялармен өткен байқауда финалға өтті.

Ерлан Әлімханов дронының ерекшелігі оның модульдік конструкциясы мен 360 градусқа айналатын платформасында, бұл оны әскери және азаматтық мақсаттарда пайдалануға мүмкіндік береді.

Қазақстандық инженер АҚШ-тағы ең үздік 10 дрон әзірлеушінің қатарына енді
Фото: Ерлан Әлімхановтың жеке архивінен

Осылайша, конструкциясы мен механизмі төтенше жағдайларда пайдалы болуы мүмкін модульдерді орнатуға мүмкіндік береді. Мысалы, адамдарды құтқару және эвакуациялау операцияларында, ұшатын айналмалы прожектор ретінде, дәрі-дәрмектерді жеткізу, жүктерді тасымалдау немесе өрт сөндіру үшін, мұнда модульдік платформа құрғақ ұнтақ өрт сөндіргіш заттарды шашуға арналған механизммен жабдықталуы мүмкін.

Дронның қолданылуы шексіз және оны отшашу атудан бастап ауыр бейнекамераны орнатуға дейін ойын-сауық мақсаттарында пайдалануға болады.

Қазақстандық инженер АҚШ-тағы ең үздік 10 дрон әзірлеушінің қатарына енді
Фото: Ерлан Әлімхановтың жеке архивінен

Қазіргі уақытта оның функционалдық мүмкіндіктерін кеңейту жұмыстары жүргізіліп жатыр, соның ішінде мобильді күн электр станциясы немесе робот көмегімен қозғалудың жердегі режимі бар.

— Америка — қару-жарақ өндірісі бойынша жетекші ел. Біздің қатысуымыз және компаниямыздың байқаудың үздік 10 финалистің қатарына енуі тек мен үшін ғана емес, бүкіл Қазақстан үшін үлкен жетістік. Жобамның тұсаукесерінде мен өзімнің Қазақстан тумасы екенімді атап өттім. Америкалықтар біздің Қазақстанда да жоғары технологиялық индустрия дамып келе жатқанын білсін. Бұл біздің жастарымыз үшін де үлкен ынталандыру болады, — деді Ерлан Әлімханов.

Ерлан Әлімханов Шығыс Қазақстан облысындағы Лениногорск қаласында дүниеге келгенін және өмір бойы Алматыда тұрғанын баяндады. Ол Қазақ ауылшаруашылық институтын механика мамандығы бойынша бітіріп, мансабын өнеркәсіптік дизайнға арнады.

Қазақстандық инженер АҚШ-тағы ең үздік 10 дрон әзірлеушінің қатарына енді
Фото: Рүстем Қожыбаев/Kazinform

2021 жылы ол америкалық таланттар визасына (EB-1A) өтініш беріп, АҚШ-қа келді, қазіргі уақытта Калифорния штатының Фримонт қаласында тұрады. Дрондарға деген құштарлығынан басқа, Ерлан Әлімханов Америкада тұтыну тауарларының 3D дизайнері болып жұмыс істейтінін айтты. 

Соңғы жаңалықтар