Қазақстандық кәсіпорындар 4 айда 9 трлн теңгенің тауарын өңдеп шығарған

АСТАНА. KAZINFORM — Өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев Үкімет отырысында қазақстандық кәсіпорындар 4 айда 9 трлн теңгенің тауарын өңдеп шығарғанын мәлім етті.

машина жасау
Фото: ortcom.kz

— Төрт айдың қорытындысы бойынша өңдеу өнеркәсібі 7,2%-ға өсіп, 9 трлн теңге көлемінде өнім шығарылды. Ең жоғары өсім машина жасау (111,2%), химия өнеркәсібі (111,2%), құрылыс индустриясы (112,9%) және жиһаз өндірісі (114,8%) салаларында байқалады, — деді министр.

Ерсайын Нағаспаев өңдеу өнеркәсібін қолдау үшін реттелетін сатып алу тетігі енгізілгенін мәлім етті.

— Осы құралдың арқасында отандық тауарлардың 4800-ден астам позициясына басымдық берілді. Осы жылғы бес айдың қорытындысы бойынша мемлекеттік органдар отандық тауар өндірушілермен 303 млрд теңге болатын 96 мыңнан астам келісімшартқа отырды. Бұл өткен жылмен салыстырғанда үш есе жоғары, — деді ведомство басшысы.

Энергетика министрлігінің мәліметі бойынша Қазақстанда мұнай өңдеу көлемі 10,8 пайызға артқан

Соңғы жаңалықтар