Қазақстандық қазіргі бессайыс федерациясының президенті сайланды
АСТАНА. KAZINFORM – Астанада Қазақстандық қазіргі бессайыс федерациясының жиыны өтті.

ҚР ҰОК мәліметінше, іс-шараға Қазақстан Ұлттық Олимпиадалық комитетінің бас директоры Нұрлан Нөгербек, Туризм және спорт вице-министрі Серік Жарасбаев, ҚҚБФ вице-президенті Юрий Соловьёв, атқарушы директор Замир Ихсанғалиев, бас хатшы Леонид Зимарев, сондай-ақ өңірлік филиалдардың басшылары қатысты.
Жиынның күн тәртібінде өзекті мәселелер қаралды, олардың ішінде маңыздысы - федерация президентін сайлау. Облыстық федерациялардың басшылары мен спорт қауымдастығының өкілдері Арман Жаркеевтің кандидатурасын бірауыздан қолдады.
Айта кетейік, қазіргі бессайыс семсерлесу, жүзу, нысана көздеу, жүгіру және Obstacle (кедергілер жолағынан өту) спорт түрлерін қамтитын Олимпиадалық бағдарламаға кіретін спорт түрі болып саналады.
Айта кетейік, жеңіл атлетикадан ел үздіктері анықталды.