Қазақстандық қос спортшы көркем жүзуден Азия чемпионатының жүлдегері атанды

АСТАНА. KAZINFORM –  Үндістанда өтіп жатқан су спорты түрлерінен Азия чемпионатында көркем жүзуден еркін бағдарламаның аралас жұптық сынында финалдық бәсекелері өтті. Бұл туралы Спортты дамыту дирекциясы хабарлады.

Қазақстандық қос спортшы көркем жүзуден Азия чемпионатында қола медаль иеленді
Фото: Спортты дамыту дирекциясы

Қазақстан намысын Виктор Друзин мен Наргиза Болатова қорғады. Отандастарымыз 241.4613 ұпай жинап, үшінші орынға ие болды.

Кантинин Адисайсирибутр, Супитчая Сонгпан - 257.6872

Кайцзе Вэн, Сужуй Ян - 242.4933

Виктор Друзин, Наргиза Болатова - 241.4613

Айта кетейік, футболдан Қазақстан ұлттық құрамасын польшалық маман жаттықтыруы мүмкін.

 

Соңғы жаңалықтар